Қазақ жауынгерінің сүйегі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ жауынгерінің сүйегі табылды

14.04.2025

Мәскеуде Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан қазақ жауынгері Оразғали Белубаевтың сүйегі тапсырылды. Осы уақытқа дейін жауынгер хабар-ошарсыз кеткендердің қатарында болған. Өткен жылдың күзінде Новгород облысында жергілікті іздеу жасақтары сүйегін тапты. Медальонында сақталған жазбаларға сәйкес, қазақ жауынгері 1908 жылы Семей облысында туған. Қазақстанның Ресейдегі елшігілі әскери атташесі аппаратының іздестіру жасақтарының көмегімен жауынгердің туыстары табылды. Жақын арада батырдың сүйегі елге жеткізіліп, құрметпен қайта жерленеді.

Игорь Тума, «Медведь» іздестіру жасағының командирі:

Қазақ жауынгерінің 1942 жылы жараланғаны, ал кейін 26-атқыштар дивизиясы қатарында болғаны анықталды. Оразғали Белубаев 1943 жылы тамызда Старая Русса қаласын азат ету шайқасында қаза тапқан. Сарбаздардың сүйегін іздестіру жұмыстары жалғасады.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу