Ресейге баратын Қазақстан азаматтары 72 сағат бұрын шекара асатынын ескертіп, цифрлық профильді толтыруға міндеттеледі. Ресей үкіметінің қаулысына сәйкес, жаңа ереже 2025 жылдың 30 маусымынан бастап күшіне енеді. Профильді RuID қосымшасы арқылы толтырып, медициналық сақтандыруды рәсімдеуге болады. Бұл өзгерістер 6 жасқа дейінгі балаларға, Ресейде аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне қатысы жоқ.
Индира Бегайдар
