Түркияда қалың қар жауды
Түркияның бірқатар қалаларында көктемнің ортасында қалың қар жауды. Қара теңіз жағалауындағы аймақтар мен елдің орталық бөлігінде күн күрт суытып, қар түсті. Ел астанасы Анкара қаласында қалың қардың себебінен мектептер мен университеттерде бір күнге сабақ тоқтатылды. Қала көшелері мен қалааралық тас жолдарда қар мен көктайғақтың кесірінен жол апаттары жиіледі. Бірнеше күн бұрын ғана ыстық болып тұрған күн райы бұзылып, кей жерлерде минус 5 градусқа дейін төмендеді. Синоптиктер мұндай ауа райы әлі бірнеше күн сақталады деп отыр.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13