Ұландықтар Жаңа жыл шарасын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұландықтар Жаңа жыл шарасын өткізді

26.12.2017

Астанада Ұлттық ұлан сарбаздарының балаларына арналған жаңа жылдық шара өтті. Оған жауынгерлердің 400-ге жуық бүлдіршіндері қатысты. Одан бөлек, тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы отбасынан шыққан 20 сәби арнайы шақырылған екен. Ұйымдастырушылар 1,5 сағат аясында түрлі ертегілерден қойылым қойып, мультфильм кейіпкерлерімен ойын ойнатты. Бүлдіршіндер Аяз атамен суретке түсіп, жаңажылдық сыйлықтарын алды. 

Қанат Беляков, Ұлттық ұлан бас басқарма бастығы:

- 1,5 сағаттық бағдарлама балалардың назарына ұсынылып жатыр. Осының бәрі өзіміздің тәрбие бөлімдерінің ұйымдастыруымен өтуде. Балалар құр қол кетпейді, сыйлықтарымыз бар. 

Хабарламаларға жазылу