Францияда сабақта смартфон қолдануға толық тыйым салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда сабақта смартфон қолдануға толық тыйым салынады

11.04.2025

Францияда сабақта смартфон қолдануға тыйым салынбақ. Қыркүйектен бастап оқушылар мектеп табалдырығын аттаған бойда телефондарын өткізуге міндеттелмек. Францияның білім министрі сенатқа елдегі барлық білім ошақтары толық «цифрлық үзіліске» өтуі керек деді. Мақсат - балалардың оқу үлгерімін жақсарту. Жаңа әдіс жүздеген мектептерде сынақтан өткен. нәтижесінде, гаджеттен оқшауланған оқушылардың денсаулығы дұрысталып, бір-бірімен араласып, мектептегі зорлық-зомбылық азайыпты. Еуропа еліндегі жаңа бастаманы ата-аналар да қолдап отыр.

Иә, қазір, көпшілігі телефонға тәуелді. Қатынас, жұмыс, деректер, сауда... барлығы интернетпен байланысты. Цифрлық технология көп жетістік әкелді. Зиянды да жоқ емес. Сандық әлем бізді қайда апара жатыр? Біздің ми немен қоректеніп жүр? Осы және өзге де өзекті сауалдарға «Цифрлы тор» арнайы жобасында мамандар жауап береді. 

Ернұр Медет

Хабарламаларға жазылу