Қостанай облысында 28 адамды кене шаққан
Қостанай облысында 28 адамды кене шаққан. Оның 13-і балалар. Дені облыс орталығының тұрғындары. Бәрі дәрігерлердің көмегіне дер кезінде жүгінген, бойларынан инфекция анықталмады. Мамандардың айтуынша, биыл қансорғыш жәндіктерден қауіп ерте басталған. Сондықтан тұрғындарға қазір жабық киініп, бас киіммен жүру қажеттігін айтады. Ал табиғат аясына шыққанда әрбір екі сағат сайын денені тексеріп, кене шаққан жағдайда жақын жердегі емханаға баруға кеңес береді.
Әйгерім Қалиева, Қостанай облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:
2024 жылы бұл уақытта бір де бір жағдай тіркелмеген еді. Биыл кене ерте шықты. Қостанай облысы эндемикалық аймаққа жатпайтындықтан, энцефалит тарататын кенелер өте сирек кездеседі. Соңғы рет мұндай жағдай 2018-де, ал боррелиоз ауруы 2019 жылы тіркелді.
Мадина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шалғайдағы ауылда болашақ чемпиондар жаттығып жүр
04.08.2026, 10:13
Бокстан Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімі шықты
04.08.2026, 10:08
Қытайда QR арқылы төлем жасауға болады
04.08.2026, 10:07
Моңғолияда жанармай сатуға шектеу қойылды
04.08.2026, 10:06
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 10:05
ШҚО-да қатты дауыл соғып, үйлердің шатырын ұшырып әкетті
04.08.2026, 10:05
Елімізде 160 отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді
04.08.2026, 10:03
Үкімет отандық тауарларды қолдау шараларын пысықтап жатыр
04.08.2026, 10:02