Президент: Қазақстан экономикалық дүрбелеңнің салдарын жоюмен айналысып жатыр
Дүние жүзі кейінгі ондаған жылда болмаған ауыр дағдарыстың табалдырығында тұр. Көптеген сарапшы осындай пікір айтып жүр. Дегенмен дағдарыстың да қайыры бар. Ол басшылық қызметтегі азаматтардың іскерлік қабілетінің бар-жоғын айқындап береді, деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Алпауыт мемлекеттер бір-біріне қарсы «тариф майданын» ашқан соң, өндіріс пен сауда тізбегі бұзылды. Нарықтар құлдырап, шикізат бағамы тұрақсызданды. Бұл барлық елге, соның ішінде Қазақстанға әсер ететіні сөзсіз, деді ол.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Қазір жоғары тарифтер енгізуге 90 күндік мораторий жарияланғанымен, нарықтағы жағдай өте тұрақсыз. Сондықтан біз осы экономикалық дүрбелеңнің Қазақстан экономикасына тигізетін салдарын жоюмен айналысып жатырмыз. Алайда дүрлігуге себеп жоқ екеніне сенімдімін. Біз сын-қатерлердің бәрін әрдайым өзіміздің басым бағыттарымызды басшылыққа ала отырып еңсеріп келеміз.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05