Елімізде балалар арасындағы көкжөтел мен қызылша сынды инфекциялық ауру өршіп тұр. Дертті жұқтырғандардың 70 пайыздан астамы – вакцина алмағандар. Мұндай маңызды ақпаратты мамандар Еуропалық иммундау апталығының аясында өткен жиында айтты. Қазір қызылша жұқпасын мүлдем жою бағдарламасы қарастырылып жатыр. Мамандардың сөзінше, жыл сайын күнтізбелік жоспар бойынша 5 миллион тұрғын вакцина алады. Ал жаңадан дүниеге келген 400 мың шақалақтың 360 мыңға жуығына ғана екпе салынады. Сондай-ақ жиында әйелдер арасындағы жатыр мойны обырының алдын алу мәседесі қозғалды. Жыл сайын қатерлі індетке 2000 қыз-келіншек шалдықса, оның 600-і көз жұмады. Сондықтан дәрігерлер иммундай мәселесіне бей-жай қарамауға кеңес береді.
Манар Смағұл, ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» басқарма төрағасының орынбасары:
Мысалы, вакцинация арқылы 2009 жылдан бастап Қазақстан бойынша дифтерия жұқпасы тіркелмейді. Қазір балалар арасындағы өткір гепатит В тіркелмейді деп айтсам болады, тек 3-4 жағдай ғана тіркеліп жатады. Әр вакцинаның маңызды рөлі бар.
Жазира Оразқызы
