Түркияда қарттар үйінен өрт шықты
Ыстанбұл қаласындағы қарттар үйінің бірінен таңғы сағат бестер шамасында өрт шықты. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер мен құтқарушылар ғимараттан 90 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Олардың басым бөлігі қариялар. Түтінге тұншыққан 27 адам маңайдағы ауруханаларға жеткізілген. Олардың төртеуінің жағдайы ауыр дейді дәрігерлер. Иіс тиіп қалған адамдардың арасында өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері де бар. Аз уақытта жалын толық сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша өрт қарттар үйіндегі бөлменің бірінен шыққан. Қазір мамандар өрттің себебін анықтап жатыр. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Дәуіт Гүл, Ыстанбұл губернаторы:
Екі жапсарлас ғимараттан құралған қарттар үйінің 79 адам тұратын бөлігінен өрт шыққан. Бұл бөліктегі қариялардың көпшілігі ерекше қамқорлыққа мұқтаж, өздігінен жүре алмайтын кісілер. Олардың барлығы дер кезінде құтқарылды. Ауруханаға жатқызылған адамдардың жағдайлары жақсы. Өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Айдос Әшім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаяқтықтың алдын алуға арналған ауқымды іс-шара өтті
04.08.2026, 21:16
106 елден 500 оқушы келді
04.08.2026, 20:32
Пептидтік препараттар арықтауға арналмаған
04.08.2026, 20:23
Өндіріс орындарында арнайы сайлау учаскелері ашылады
04.08.2026, 20:17
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 20:15
Әлеуметтік желідегі әдепсіздікке тосқауыл қойылады
04.08.2026, 20:14
Қазақстанда су инновациялары орталығы құрылады
04.08.2026, 20:13
Халықаралық сарапшылар: Құрылтай сайлауы - конституциялық реформалардың жалғасы
04.08.2026, 20:12