«Щелкунчик» 22-желтоқсаннан бастап астаналық көрермендерге ұсынылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Щелкунчик» 22-желтоқсаннан бастап астаналық көрермендерге ұсынылмақ

18.12.2017

«Астана Балет» театры Қазақ ұлттық хореография академиясымен бірігіп, Жаңа жылға орай таңғажайып ертегі дайындап жатыр. Спектакльге 200-ге жуық биші қатысады, оның 160-ы - кішкентай өнерпаздар. Ұжым мұндай күрделі қойылымды алғаш рет сахналамақ.

 «Щелкунчик» - әлемге әйгілі туындылардың бірі. Талай рет сахналанса да, өзектігілігін жоғалтқан емес. Қойылымды жоғары деңгейде өткізу үшін сахнаның өзі әлемдік талаптарға сәйкес безендірілген. Жаңа жылдық көңіл-күйді сипаттайтын декорация мен бишілердің 200-ге жуық киім түрін театр қызметкерлері өз қолымен дайындаған. Бір қызығы - спектакльге билеттер осыдан бір ай бұрын сатылып кеткен. Театр әкімшілігі көрермендердің өтініші бойынша қосымша билет сататын күнді де ойластырып қойған. Өнер ордасы сезім мен романтикаға толы спектакльді Вайноненнің нұсқасы бойынша көрермендерге желтоқсанның 22-сінен бастап ұсынбақ.

Дүйсен Мұсабеков, «Астана Балет» театры директорының орынбасары:

- Біздің спектакль ерекше. Жанұялық сезім бар. Әр қуыршақты, ойыншықтың бәрін мамандардың өздері дайындап жатыр. 215 костюмді өз тігіншілеріміз тігуде.

Хабарламаларға жазылу