Астанада «Орталық Азия – Еуропа одағы» инновациялық кампусы ашылуы мүмкін
Астанада «Орталық Азия – Еуропа одағы» инновациялық кампусы ашылуы мүмкін. Самарқандта өтіп жатқан халықаралық саммитте Қасым-Жомарт Тоқаев осындай ұсыныс жасады. Қазір Қазақстан цифрлық технология, жасанды интеллект салаларына айрықша көңіл бөліп келеді. Елімізде 100 мың жоғары білікті ІТ маман даярлауды көздейтін ауқымды бағдарлама жүзеге асып жатыр. AlemАi жоғары технологиялар орталығы құрылуда. Бұл жұмыстар сапалы жүзеге асса барлық тарапқа тиімді болады. Президент Еуропалық компанияларды осындай жаңа жобаларды қаржыландыру үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңын пайдалануға шақырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
AlemАi жоғары технологиялар орталығы инновацияны енгізумен, стартаптарды қолдаумен және осы салада зерттеулер жүргізумен айналысады. Бұдан бөлек біз жасанды интеллект саласының дамуын жеделдету үшін венчурлік қорды іске қостық. Еуропа Одағы Team Europe бастамасы арқылы Орталық Азия елдеріне цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты өркендетуге көмек көрсетіп келеді. Қазақстан бұл бағытта тәжірибе алмасуға дайын.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16