Биыл Алаш автономиясының құрылғанына - 100 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Алаш автономиясының құрылғанына - 100 жыл

15.12.2017

Осыған орай Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Алаш және Алашорда. Тағылым мен Тәуелсіздік сабақтастығы» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Онда  Алаш туралы өскелең ұрпаққа кеңінен мағлұмат беру қажеттігі баса айтылды. Сондай-ақ,  Алаш қайраткерлері жайлы зерттеулерді жинақтап, кітап  шығару, тіпті облыс және аудан елді мекендеріндегі көшелер мен мекемелерге Алаш арыстарының есімін беру мәселесі де көтерілді. 

Ғарифолла Әнес, филология ғылымдарының докторы, алаштанушы:

- Жүздеген бағдарламамыз бар. Алашордаға қатысты 100 кітап шығаратын ойымыз бар. Қазір оның 10-15 шығардық. Оның ішінде Х.Досмұхамедовтің таңдамалы 3 томдық кітабы бар, «Жантану»,  «Тәнтану», «Жануарлар» деп аталады. «Айқап» журналы 5 том болып шығады.

 

Индира МЕРЕКЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу