«Қазақ энциклопедиясы» баспасына - 50 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақ энциклопедиясы» баспасына - 50 жыл

15.12.2017

Биыл «Қазақ энциклопедиясы» баспасына - 50 жыл. Осыған орай, Алматыда «Ұлт рухын жаңғыртқан жарты ғасыр» атты алқалы жиын өтті. Белгілі энциклопедист ғалымдар ұжымның осы уақытқа дейін істеген жұмысын саралап, болашақта атқаратын шаруаларын пысықтады. Сондай-ақ, мерейлі мерекеге байланысты «Қазақ энциклопедиясы» туралы анықтамалық пен «Мәңігілк ел» атты фотоальбом жинақтарының тұсауы кесілді. Елеулі еңбекте осы баспада аянбай қызмет еткен ардагерлердің өмірбаяны мен шығармалары жазылған.  

Жадыра Тойбаева, «Қазақ энциклопедиясы» баспасының директоры:

- Қазіргі баспаның тыныс-тіршілігі басқа баспалармен де бәсекелестікке түсіп, қарқынды жұмыс істеп келеді. 50 жыл бұрын қандай энциклопедиялар басып шығарса, әлі күнге дейін сондай тұлғалық, салалық, пәндік энциклопедияларды басып шығарып келеді.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу