Түркістан облысында инвесторларға қолдау көрсетіледі
Түркістан облысында инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалады. Бүгін өңірде инвестициялық форум өтті. Түркия, Қытай, Грузия, Әзірбайжаннан келген бизнес өкілдеріне арнайы экономикалық аймақтардың мүмкіндіктері таныстырылды. Жергілікті билік инвесторларға салықтық жеңілдіктермен қатар инфрақұрылым тартылған жер телімдері ұсынылатынын айтты. Алдағы үш жылда өңірде 110 инвестициялық жоба жүзеге аспақ. 19 мың жұмыс орны ашылуы тиіс.
Ван Чуанган, қытайлық кәсіпкер:
Мен Түркістан қаласына алғаш рет келіп отырмын. Бүгін индустриалды, арнайы экономикалық аймақтардың жұмысымен танысып шықтым. Кәсіпкерлер үшін жасалған жағдайлар мені қызықтырып отыр. Алдағы уақытта осы өңірден тәтті сусындар шығаратын зауыт ашуға ынталымын. Түрлі ыдыс та шығаруға болады. Болашақта бұл өңірге шетелдік инвесторлардың қызығушылығы артады деген сенімдемін.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16