Өңірлердің дамуына серпін берілді
«2022 жылы жаңадан үш облыс құрылып, аймақтардың дамуына күшті серпін берілді. Үкімет енді жаңа облыстардың ахуалын бақылауда ұстауы тиіс» деді Мемлекет басшысы құрылтайда. Осы жолы да Президент өңірлердің, әсіресе шекарадағы елдімекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін маңызды жобаларды іске асыруды тапсырды. Бұл бастамалар халықтың қолдауына ие болды.
Амантай Үмбетай, кәсіпкер:
Басталып жатқан жобалардың бірі – Ырғыз-Торғай-Каспий жағалауына портқа шығатын жол елімізге үлкен экономикалық серпіліс берейін деп тұр. Өйткені 560 км жол қысқарады және ол дәліз үлкен күретамыр болып жұмыс жасайды. Көп кәсіпкерлер ол жерден шаруаларын жасайды. Ол тек мемлекеттің, отандық кәсіпкерлердің мүддесіне жұмыс істегені былай тұрсын, ол әлемдік экономикаға да жақсы серпіліс берейін деп тұр.
Жабал Ерғалиев, мемлекет және қоғам қайраткері:
Арқалық, Торғай, Ырғыз арқылы салынатын автожол үлкен жаңағы экономикалық табыс әкелетіндігін, халыққа жұмыс болатындығын, бұл өңірдегі халықтың тұрмысы жақсарып, халыққа жұмыс болатын, халықтың шоғырлануына үлкен септігін тигізетіндігін айтуға тиістіміз.
Самрат Құскенов, Петропавл қаласының тұрғыны:
Желдің өтінде, елдің шетінде орналасқан Солтүстік Қазақстан облысы үшін елдімекендердің азайып бара жатқаны өзекті мәселе. 2000-2019 жылдар аралығында 139 ауыл жойылып кетті. Дер кезінде қимылдап, ауылға көңіл бөлетін болсақ, мемлекетіміздің шекарасы нығая түсетін еді.
Нұргүл Ахметова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Qazaqstan» телеарнасы жаңа жылда көрерменге естен кетпес кеш сыйламақ
23.12.2025, 20:55
Әлемді бағындырған қазақстандық өнерпаздар
23.12.2025, 20:54
Павлодар облысында колледждерде 48 жаңа мамандық ашылды
23.12.2025, 20:52
Биыл науқастарға 870 мың ота жасалды
23.12.2025, 20:17
Халықаралық олимпиадаға қатысқан әр екінші оқушы жүлдемен оралды
23.12.2025, 20:12
Алматыда жүрекке алғаш рет арнайы құрылғы орнатылды
23.12.2025, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
23.12.2025, 20:09
Алматыда жолаушы автобустан құлап, омыртқасын сындырып алды
23.12.2025, 20:08