Таразда тағы бір «Жайлы мектеп» ашылды
Таразда Президент тапсырмасы бойынша тағы бір жайлы мектеп ашылды. «Ұлы дала» шағын ауданында бой көтерген білім ұясы 2 мың балаға арналған. Жаңа нысан заман талабына сай барлық қажеттіліктермен қамтылған. Оқушылар үшін озық технологиялармен жабдықталған 97 сынып, 200-ге жуық арнайы кабинет бар. Балалар шығармашылығын дамытатын 3 коуоркинг залы, 450 адамға арналған ауқымды мәжіліс залы салынған. Ал 4 спорт залдың екеуі бастауыш сыныптарға арналған. Сондай-ақ мұғалімдерге арналған 12 бөлме бар. Бұл осымен облыс аумағында ашылған төртінші жайлы мектеп. Биыл Тараздағы Шөлдала елдімекенінде 1, Қордай ауданында 2 жайлы мектеп ашылды.
Гүлнар Раптаева, №69 мектеп директорының міндетін атқарушы:
Бұның ең негізгі маңыздысы – осы мөлтек аудандағы оқушылар еш алысқа бармай, осы жерде білім алатын болады. Әрбір сыныпқа кірген оқушы ол жерден толық білім алып шығуға мүмкіндігі бар. Білімді болашақтың тұғырын көтеретін нағыз азаматтарды тәрбиелеп шығарады.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16