Ресейде белгісіз вирус өршіді. Қазірдің өзінде 20-ға жуық өңірде індет тіркелген. Бұл вирус желтоқсанда таралған микоплазмалық пневмонияға ұқсас, дейді дәрігерлер. Қазір Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларында ауруханалар 80 пайызға толған. Мамандардың айтуынша, тағы екі аптада науқастарға орын болмауы мүмкін. Ауру белгілері барлық адамда бірдей: бастапқыда әлсіздік пайда болып, дене сырқырайды. Бірнеше күннен кейін вирус күшейіп, дене қызуы 39 градусқа дейін көтеріледі. Өкінішке қарай, науқастар қандай дәрі, антибиотик қабылдаса да әсер етпейді. Сондықтан мамандар қоғамдық орындарда қайтадан маска тағуды міндеттеуді ұсынып отыр. Эпидаухал өрши түссе, вакцина егуді бастамақ.
Александр Артюнов, дәрігер:
2008 жылдан бастап вирустар көз ілпеспес жылдамдықпен мутацияға ұшырауда. Әрине, бұл вирустарға қарсы адам ағзасында иммунитет қалыптаспаған, сондықтан оны зерттеуге, емдеуге біршама уақыт кетеді. Бұл індет те сол вирустардың өзгеріске ұшыраған түрі болуы ықтимал. Тіпті кейде бір айда екі рет өзгереді. Жаңа штамдардың саны әлі де артады.
Көрші елде тараған белгісіз вирус Қазақстанда тіркелген жоқ. Денсаулық сақтау министрлігінен анықтадық. Мамандар біздегі эпиджағдай жіті бақылауда. Алаңдауға негіз жоқ деді.
Индира Бегайдар
