Өзбекстанда мешітте болған жарылыстан үш адам көз жұмды
Өзбекстанда мешітте болған қуатты жарылыстың салдарынан үш адам көз жұмды. Тағы он тұрғын ауыр жараланып, ауруханаға түскен. Оқыс оқиға бүгін түс кезінде Әндіжан облысында тіркелді.
Соңғы ақпаратқа сай, апатқа газ бен ауа қоспасының жиналуы себеп болған. Жарылыстың қатты болғаны сонша мешіт ғимараты түгел опырылып, үйіндіге айналды. Жарылыс болған жерде құтқару жасақтары мен өрт сөндіру бригадасы жұмыс істеп жатыр. Үйіндіні аршу жұмыстары жалғасуда. Оқиға орнына елдің вице-премьері, сондай-ақ төтенше жағдай министрі барды. Қаза тапқандар мен зардап шеккен азаматтардың кім екені анықталды. Ал апаттың нақты себебі алдағы уақытта жарияланады.
Хаетбек Рахимов, Әндіжан облысы ТЖБ баспасөз қызметінің басшысы:
Ақпарат түсе салысымен аймақ басшылары, өзге де құзырлы орган өкілдері апат орнына жедел жетті. Ғимараттың шатыры мен қабырғалары түгел опырылып түскен. Тиісті құтқару шаралары жүргізіліп жатыр.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаяқтықтың алдын алуға арналған ауқымды іс-шара өтті
04.08.2026, 21:16
106 елден 500 оқушы келді
04.08.2026, 20:32
Пептидтік препараттар арықтауға арналмаған
04.08.2026, 20:23
Өндіріс орындарында арнайы сайлау учаскелері ашылады
04.08.2026, 20:17
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 20:15
Әлеуметтік желідегі әдепсіздікке тосқауыл қойылады
04.08.2026, 20:14
Қазақстанда су инновациялары орталығы құрылады
04.08.2026, 20:13
Халықаралық сарапшылар: Құрылтай сайлауы - конституциялық реформалардың жалғасы
04.08.2026, 20:12