Павлодар облысында қайтарылған активтер есебінен 5 медициналық нысан салынады
Павлодар облысындағы шалғай ауылдарда биыл 5 медициналық нысан салынады. Құрылыс мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүргізіледі. Яғни арнайы қордан 228 млн теңге қаржы бөлінді. Биыл, мәселен, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Екібастұз қаласына қарасты Бәйет ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт бой көтереді. 900-ге жуық тұрғыны бар ауылдағы 40 жыл бұрын салынған жалғыз медициналық нысан апатты жағдайда тұр. Ақсу қаласы, Тереңкөл, Железинка және Ертіс аудандарында да жыл аяғына дейін жаңа медициналық мекемелер пайдалануға тапсырылады. Өткен жылы аймақта осындай бірыңғай үлгідегі 30 медициналық пункт салынған. Нәтижесінде аймаққа келген 197 медицина маманы тұрақты жұмысқа орналасты.
Болат Аманбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16