ОҚО-да  «Қасиетті Қазақстан» жобасы аясында тарихи орындар қайта жаңғыртылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-да  «Қасиетті Қазақстан» жобасы аясында тарихи орындар қайта жаңғыртылады

04.12.2017

«Қасиетті Қазақстан» жобасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысындағы тарихи орындар қайта жаңғыртылады. Бұл тізімге өңірдегі 23 тарихи нысан еніп отыр. Олардың ішінде «Ордабасы» мемориалдық тарихи-мәдени кешені, үш бидің ескерткіші, «Қазығұрт-кеме қалған» ескерткіші мен көне Шымкент шаһарының орны бар. Бүгінде «Ескі қалашық» аумағында археологиялық қазба жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Аумағы 1000 шаршы метр болатын жерасты қаласын аршыған археолог-ғалымдар көптеген тарихи жәдігер тапқан. Енді осы маңнан ескі қорған тұрғызылып, аспан асты мұражайы жасақталады. Осылайша, түстікке келетін саяхатшылар күн санап ұлғайып, көркейіп келе жатқан мегаполис пен 2200 жылдық тарихы бар ежелгі шаһарды қатар қызықтауына мүмкіндік туады. Реставрация жұмыстары 2020 жылға қарай толық аяқталады. 

Бек Ыбыраев, сәулетші:

- Қала «Жібек жолы» номинациясы бойынша әлемдік «Мәдени мұра» тізіміне ұсынылып отыр. Осы екі мақсатты алдымызға қоя отырып, біз ескі қаланың қай жағында қандай құндылықтар бар, нені сақтауымыз керек, нені көрсетуміз керек деген мақсатқа сай ізденіс жасадық.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу