Депутат көлеңкелі импортпен күресті күшейтуді ұсынды
Қазақстанға заңсыз тауар таситындар мемлекетті салық кірісінен айырып отыр. Қазір қосылған құн салығы бюджеттің қалыптасуында маңызды рөл атқарады деді Мәжіліс депутаты Ержан Бейсенбаев. Мәселен, 2023 жылы Қытайдан Қазақстанға жөнелтілген тауар мен бізге жеткен тауардың айырмасы 8,4 млрд доллар болған. Яғни өнім біздің кеденде ресми тіркелмей көлеңкелі жолмен кіргізіледі. Ал былтыр бұл көрсеткіш 13,8 млрд долларға дейін өскен. Сондықтан мәселені жылдам реттеуіміз керек деді депутат.
Ержан Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бюджет тапшылығын еңсеру мәселесі аясында Қытайдың кедендік статистикасымен 13,75 млрд долларды құрайтын сәйкессіздіктер себебі туралы Үкіметтің ресми ұстанымын беруді сұраймыз. Олардың қай бөлігі әдістемелік ерекшеліктерге, ал қай бөлігі «көлеңкелі импортқа» және елімізге кіретін экономикалық контрабандаға қатысты болуы мүмкін екенін анықтау қажет. Және мұндай заң бұзушылықтың алдын алу әрекеттеріне жылдам кірісуіміз қажет.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16