Астанада «Жаңа белес-2017» салтанатты кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Жаңа белес-2017» салтанатты кеші өтті

01.12.2017

Астанада «Жаңа Белес - 2017» атты алғаш рет салтанатты жастар балы ұйымдастырылды. Қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өткен кештің басты мақсаты - жастарды қоғамдық өмірге белсенді атсалысуға шақыру және студенттер арасында шығармашылық байланыстарды нығайту. Салтанатты кештің негізгі бөлігінде студенттер қатарына қабылдау және негізгі студенттік билетті табыстау рәсімі де болды. Іс-шара аясында Астана қаласының барлық жоғары оқу орындары студенттерінен қалыптасқан Вена вальсі, сондай-ақ, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт болды.

 Асхат Налшыбек, студент:

 - Бұл кештің маңыздылығы Астана қаласының жастарын бір орталыққа біріктіріп, осы кеште өздерінің бос уақытын өткізу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу