Қазақстан мен Ресейдің медицина саласында ортақ жобалар көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Ресейдің медицина саласында ортақ жобалар көбейді

25.03.2025

Қазақстан мен Ресейдің Татарстан, Чувашия республикалары медицина саласында әріптестікті жандандыруда. Соңғы екі жылда ортақ жобалардың саны артқан. Одан бөлек, 100-ден астам операция жасалды. Толығырақ Индира Бегайдар.

Чупашкар қаласында 36 жылда 850 мыңнан астам ота жасалған. Ал соңғы медициналық жаңалық- жасанды көз қарашығын ауыстырғанда балалардың жас ерекшеліктеріне сай өзгеретін жасанды көз линзаларының шығарылуы. Бұл технология қазір Қазақстанда да қолданылады. Өйткені елімізде бір миллионнан астам адам түрлі көз ауруына шалдыққан.

Надежда Позднева, дәрігер:

Бізде істеген білікті мамандар қазір Қазақстанда біліктілігін шыңдауда, сондай-ақ білімді мамандар тәжірибе алмасуға де келеді. Өте күрделі, жоғары технологияны қажет ететін оталарды бірлесіп жасауға болады. Әсіресе балалардың көру қабелітінің бұзуылуын емдеуге арналған озық технологияны бірге қолданудамыз. Бұл екі көзі екі түрлі көретін балалардың денсаулығын ерте кезде түзетуге, мүгедек болып қалмауына септігін тигізеді.

Бүгінгі күні екі тарап медициналық білім беру, кадрларды даярлау және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше көңіл бөлуде. Сонымен қатар, радиофармацевтика, ортопедия және трансплантация саласындағы ортақ жобалар бекіді.

Сергей Вячеславов, дәрігер:

Көптеген ортақ жобаларымыз бар. Магнитті-резонансты терапия бойынша да ортақ жұмыстарымыз бар. Қазақстандық жас ғалымдармен ғылыми зерттеулер жүргізіп жатырмыз.

Мамандар алдағы уақытта медицина саласында квота санын ұлғайту жоспарланып отырғанын айтады.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу