Қазақстан мен Түркия арасында медицина саласындағы байланыс беки түспек. Анкара қаласында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен түркиялық әріптесі Кемал Мемишоғлы бірлескен жобалар мен алдағы жоспарларды талқылады.
Атап айтқанда, екі елдің медициналық қызметкерлерінің тәжірибе алмасуы, білім берудің сапасын арттыру және медицинада озық технологияларды қолдану жайын қарастырды.
Ал Станбұлда елімізге медицина саласы бойынша инвестиция құйып отырған ірі компания өкілдерімен кездескен министр бірлескен жобаларды пысықтады. Заманауи жабдықталған ауруханаларда еліміздің медицина қызметкерлерінің білігін жетілдіру бойынша келісімдер жасалды. Сапар соңында министр Түркияда жұмыс істеп жүрген қазақстандық дәрігерлермен кездесіп, оларды отандық медицинаны дамыту үшін елге келіп жұмыс істеуге шақырды.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Медициналық қызмет көрсететін үлкен унивесритеттік клиникаларда біздің жас дәрігерлеріміздің, жұмыс атқарып жатқан дәрігерлеріміздің біліктілігін арттыру осы жерде. Бүгінгі таңда 300 дәрігер, 300 орта буын медицина қызметкерін Түркияда білімдерін арттыруға келіссөздерде айтарлықтай келісімдерге келдік. Сондықтан осы жұмысты бара сала жүргізетін боламыз.
Берік Бозкурт, медициналық компания жетекшісі:
Біздің Түркияда 16, шет мемлекеттерде 2 ауруханамыз бар. Түркиядағы ең ірі медициналық компаниямыз. Қазақстан Денсаулық сақтау министрімен кездесіп, екі елдің медицина саласындағы байланысын тереңдету бойынша түрлі бағыттарды талқыладық. Алдағы уақытта нақты жобаларды жүзеге асыра бастамақпыз.
Айдос Әшімұлы
