Ірі қазақстандық құрылыс компаниялары 17 млрд теңге қосымша салық төледі
Ірі қазақстандық құрылыс компаниялары 17 млрд теңге қосымша салық төледі. Премьер-министр Олжас Бектенов өткен айда бірқатар ірі компанияның иелері мен басшыларына салық органдарына қосымша декларация тапсырып, әділ салық төлеуге шақырған еді. Арада екі апта өтпей-ақ, Қаржы министрлігі 17 млрд теңге салық түскенін хабарлады. Бұл төлемдер қатарында BI Group және BAZIS компаниялары бар.
Айта кетейік, Кірістер комитеті салық төлеушілерді әкімшілендіруді жалғастырып жатыр. 633 салық төлеушіге, оның ішінде 172 құрылыс саласындағы кәсіпкерлерге, 102 сауда және басқа да қызмет түрлерімен айналысатын компанияларға салық салынатын кірістерін төмендету белгілері бойынша хабарламалар жіберілді.
Динара Жаркынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16