Таза Қазақстан: Жеңіс саябағында монумент маңы қардан тазартылды
Елімізде «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда. Бүгін Қостанай облысында бірнеше елдімекенде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Сондай шараның бірі Лисаковск қаласында да өтті. Жеңіс саябағындағы Монумент маңы қар мен мұздан тазартылды. Мемориал аумағын жинауға жастар бірге күш жұмылдыра атсалысты. Акцияның басты мақсаты – тарихқа құрмет көрсету арқылы жастардың экологиялық мәдениетін көтеру.
Анатолий Блинов, Лисаковск қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің әдіскері:
«Таза Қазақстан» - маңызды бағдарлама. Ең алдымен жастарды экологиялық мәдениетке үйретеді. Сондықтан мұндай шаралар барлық аймақтарда тұрақты түрде өтіп тұру керек. Қала тұрғындары да игі бастамаға қосылса екен деймін.
Мәдина Ерікқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда халықаралық көрме ашылды
06.03.2026, 20:59
Бүгін Ақ Паралимпиаданың алауы тұтанады
06.03.2026, 20:57
Тағдыр сынына мойымаған, қайсар мінезімен көпке үлге болған спортшы
06.03.2026, 20:54
Боччадан республикалық турнир өз мәресіне жетті
06.03.2026, 20:51
Әлем әйелдермен әдемі
06.03.2026, 20:50
Мемлекет басшысы халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесті
06.03.2026, 20:21
Мемлекет басшысы мереке қарсаңында бір топ қыз-келіншекті марапаттады
06.03.2026, 20:17
Президент мерекелік концертті тамашалады
06.03.2026, 20:16