Мәжілісте МӘМС пен Салық кодексі талқыланады
Мәжілістің кезекті жалпы отырысы басталды. Бүгін 10-ға жуық заң жобасы талқыланбақ. Арасында мәселесі көп МӘМС жүйесі мен халық арасында қызу талқыланып жатқан Салық кодексі бар.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Мәжілістің келесі отырысы басталып та кетті. Депутаттар мен тиісті министрлік өкілдері бүгін күн тәртібіндегі мәселелерді нақтырақ айтсақ 9 заң жобасын талқылайды. Олардың арасында Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі бар. Іске қосылғанына 5 жыл болса да бұл салада тегін дәрі-дәрмектің тапшылығы, кейбір диагностикалық аппараттардың жоқтығы, сондай-ақ жүйе жайлы ақпараттың аздығы және дәрігерлердің жетіспеушілігі сынды проблемалар бар. Салық жүйесі де депутаттар талқысынан өтеді. Одан бөлек Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына қатысты заң жобасына өзгертулер енгізу көзделген. Аква өсіру мен сырттан келетін тауарларға қатысты да заң жобасы қаралады. Сондай-ақ депутаттар халықтан келіп түскен арыз-шағымдар мен өтініштерді қарайды. Отырыста айтылған ұсыныстар мен шешімдер туралы алдағы шығарылымдарда толғырақ баяндаймыз.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05