Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы $30 млрд жетуі мүмкін
Қазақстан мен Ресейдің тауар айналымы алдағы екі жылда 30 миллиард долларға жетуі мүмкін. Соңғы 10 жылда алыс-беріс екі есе өсіп, 27 миллиард 700 миллион долларға жуықтаған. Бұл туралы екі елдің іскерлік кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылды. Еліміз бен Ресейдің 80-нен астам өңірі әріптестік орнатқан. Қазақстанда ресейліктердің қатысуымен 23 мыңнан астам компания жұмыс істейді. Өнеркәсіптік кооперация аясында 53 миллиард долларға жуық 171 жоба жүзеге асырылуда.
Дәурен Абаев, Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі:
Тауар айналымымен қатар, инвестиция да өсуде. Алайда әлеуетіміз одан да жоғары. Сондықтан өнеркәсіптік кооперациядан туризмге дейін салаларда өзара әріптестік күшейе түспек. Біз жылына бірнеше рет ынтымақтастықты бекіте түсетін шара өткіземіз, нәтижесі де жаман емес. Бұл қадам кәсіпорындар мен жаңа жұмыс орындарының ашуылуына сеп болары сөзсіз.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16