«Tomiris» жобасы қатысушыларының республикалық кездесуі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Tomiris» жобасы қатысушыларының республикалық кездесуі басталды

06.03.2025

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында елордада «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты мен «Tomiris» жобасы қатысушыларының республикалық кездесуі басталды. Онда әйелдердің саяси, экономикалық және қоғамдық өмірдегі рөлін күшейту және Томирис жобасын одан әрі дамыту мәселелері көтеріледі. Жиында түрлі панельдік сессиялар ұйымдастырылып, әйел адамдардың әмбебаптылығын дамыту жұмыстары қатар жүргізіледі.

Шолпан Каринова, «Amanat» партиясының хатшысы, әйелдер қанатының төрағасы:

«Tomiris» - әйелдердің саяси көшбасшылығын ілгерілету мәселесін қарастыратын жоба. Сондықтан осы жобаларды әрі қарай дамытуда қандай жаңа технологиялар бар? Қандай жаңа құралдар бар? Осыған байланысты жұмыстар жүргізіледі.

Айнұр Айбулдинова, қатысушы:

Бүгінгі іс-шарада әртүрлі тренинг, сессияға қатысып, әрі қарай өзіміздің білімімізді, көшбасшы болудың қандай екенін және ораторлық сабақ өткізіледі. Осы тренинге білімімді  дамыту мақсатымен келіп отырмын.

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу