Қазақстан алтын қорын қайта толтырып жатыр
Қазақстан алтын түріндегі активтерін сатуды тоқтатып, құнды металды сатып алып жатыр.
Дүниежүзілік алтын кеңесінің ақпарынша, жыл басынан бері әлемнің орталық банктері 18 тонна алтын сатып алған. Бағалы металды ең көп сатып алу бойынша Өзбекстан 8 тоннамен көш бастады. Екінші орында – Қытай, 5 тонна. Ал, еліміз 3-орынға жайғасқан. Ұлттық банк 4 тоннаға жуық алтын алып, резервті ұлғайтты.
Қазіргі таңда Қазақстанның алтын қоры 288 тонна. Бұл жалпы қордың 55 пайызы. Сондай-ақ, Польша, Үндістан, Чехия мен Қатар да өз активтерін көбейтіп жатыр. Қырғызстан, Иордания мен Ресей керісінше, бағалы металдарын сатумен айналысты.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16