АҚШ-та бүгіннен бастап Мексика, Канада және Қытай тауарларына баж салығы өседі
Трамп тариф соғысына кірісті. АҚШ бүгіннен бастап Мексика мен Канададан келетін тауарларға 25%, ал Қытай өнімдеріне қосымша он пайыз баж салығын салады. Трамп бұл тарифтер есірткі санатындағы фентанилдің АҚШ-қа осы елдерден тасымалданып жатқанына байланысты енгізгенін айтады. Ақ үй басшысы баж салығын өсіруді бір айға шегерген еді. Бірақ бұл аралықта екі көрші ел де заңсыз есірткі тасымалына қарсы нақты әрекет жасамаса керек.
Ал Қытай тауарларына өткен айда он пайыз тариф енгізген Трамп бұл жолы оны тағы он пайызға көтерді. Үш ел де бұған дейін қарымта жауап болатынын мәлімдеген. Бірақ АҚШ Президенті олардың әрекетіне байланысты тағы да тарифті өсіруге әзір екенін ашық айтып отыр.
Дональд Трамп, АҚШ президенті:
Менің ойымша, олар тым көп қарсылық көрсетпейді. АҚШ-ты 40 жыл бойы пайдаланып келді. Маған дейінгі президенттер сауда мәселесінде нашар болды, көп есе жіберді. Енді мұндайға жол берілмейді.
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23