Табысты қалай көбейтуге болады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Табысты қалай көбейтуге болады?

04.03.2025

Табысты қалай көбейтуге болады? Мәселен экономистер ақшаны қазір жылжымайтын мүлікке салған тиімді деп отыр. Себебі доллардың құнына қарағанда баспананың бағасы тез өсіп жатыр. Ал кейбіреулер қолдағы қаражатқа алтын алған абзал деген пікірде. Тілшіміз Нұрсұлтан Тілектестің бейнематериалы.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

2015 жыл мен 2025 жылдың аралығын алсақ, яғни 10 жылда жылжымайтын мүліктің бағасы 3 есеге өскен. Биыл ақпан айында жүргізілген статистаға сүйенсек еліміздегі ірі қалаларда жаңа пәтерлердің шаршы метрі 500 мыңнан сатылып жатыр. Ал екінші нарықтағы баспананың шаршы метрі 526 800 теңгеге бағаланған.

Айбар Олжай, экономист:

Құрылыс компаниясның салықтық жүктемесіне байланысты, қазір оларды қосымша құн салығы жоқ. Егер оны төлейтін болса тұрғын үй бағасына міндетті түрде қосылады. Сондықтан теңгемен тұрғын үй бағасының қымбаттауы дәл қазір біз көмесек те болашақта ол әрине мүмкін. Екіншісі, теңгенің бағамы қандай болады. Егер мұнайдың бағасы түсіп, рубль әлсіресе әрине теңге өзінің позициясын жоғалтады. Ондай кезде біздегі құрылыс компаниялары, ол жерде инженерлік детальдар бар, сырқы қасбеті, арматура шетелден келетіндіктен олар қымбаттайды.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Соңғы 10 жылда әлемде саяси және экономикалық тоқыраулар болды. Осы аралықта төл валютамыз теңге біраз әлсіреді. Дегенмен 2015-2025 жылдар аралығын алатын болсақ теңгеге шаққанда АҚШ долларының құны 2,8 есеге ал, еуро 2,5 есеге өскен. Яғни ақшаны жылжымайтын мүлікке салған тиімдірек дейді сарапшылар. Ақша қорын жинақтаудың тағы бір тиімді тәсілі бар. Ол алтынға инвестиция жасау. Оның бірнеше жолы жолын айта кетейік. Мәселен: құйма немесе алтыннан жасалған әшекейлер сатып алуға болады, екінші деңгейлі банктерден металл шот ашуға, алтын өндіретін компаниялардың қағаздарын сатып алуға, сондай-ақ биржалық және жарналық инвестициялық қорларға қаржы құюға болады.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу