ОПЕК+ елдері мұнай өндіруді көбейтуге келісті
ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіруді көбейтуге келісті. Бұл туралы «Блумберг» агенттігі хабарлады. Бұл ақпаратқа сай сәуірден бастап олар мұнай өндіруге қойылған шектеуді біртіндеп бәсеңдете бастайды. ОПЕК+ тарапынан мұндай шара 2022 жылдан бері алғаш рет қабылданып отыр. Бұған дейін мұнай бағасын нығайту үшін шикізат өндірісін арттыру қолға алынбаған еді. Халықаралық энергетика агенттігінің есебіне сай, әлемдік мұнай нарығында биыл ұсыныс артпақ. «Рейтердің» мәліметінше, ОПЕК+ ұйымының бірнеше елі мұнай өндіруді күніне 138 мың баррельге жеткізбек. Бұл жаңалықтан соң шикізат бағасы арзандай бастады. Мысалы «Брент» маркалы мұнайдың бір баррелі 71 долларға саудаланып жатыр.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16