Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Бірлік» Әзербайжан мәдени-ағарту қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, 33 жастағы Элгун Жаналиев су тасқыны кезінде етігімен су кешіп, ерікті ретінде елге қызмет етті. Бөгет салуға атсалысты, құм толы қапшық тасыды. Ассамблея штабының қабылдау пунктінде зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинап, оны сұрыптап, бөліп, жүк көліктеріне тиеп, таратты. Жол қатынасы үзілген шалғай елді мекендерге тікұшақпен барып, азық-түлік, киім-кешек жеткізді. «Қандай қиындық болса да, бірігіп, бірлесіп еңсереміз», дейтін жүрегі жомарт, жаны жайсаң іскер азаматпен әріптесім Ардақ Мұратқызы сөйлесті.
Элгун Жаналиев БҚО ҚХА мүшесі, «Бірлік» Әзербайжан мәдени қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары:
Қазақта үш көмек бар. Ой көмек, қол көмек және мал көмек. Мал көмек ол - біздің кәсіпкерлерден болды. Қаражат па, техника ма, материал ма, мысалы, ПГС, қапшықтар - не көмек керек болды, соны жасады олар. Енді қол көмек ол біздің сарбаздар, волонтерлар, жастар - олармен бірге қапшық қаптап, дамба құрдық. Ек қауіпті аудан - Курени болды. Ең төмен орналасқан жер.
500-ден көп волонтер ол тек қана біздің қаладан жиналған жас балдар. Жұмыс орындарынан да келді. Әр мекемеден 15-20 кісі бөлінді. Күн-түн демей жұмыс істеді. Мен өзім соған куә болдым. Бәріміз сол бірлесіп, қиындықты еңсердік. Жалпы тасқында байқағаным - әр қиындық бізді біріктіреді екен. Бірліктің арқасында ғана сол қиындықты жеңеміз.
Былтыр 26 наурызда Ассамблея жастары бастамасымен Достық үйінде штаб құрылды. Ең бірінші достарымыз, жақындарымызбен хабарласып, кім қандай көмек бере алады деп, кешке дейін бірінші кезектегі көмекті жинадық. Ең бірінші бізге азық-түлік, гигиеналық заттар, бала-шаға үшін киімдер керек болды. Сол заттарды жинап, екі Газельге тиедік. Біріншісін - Қаратөбе ауданына, екіншісін Сырым ауданына жеткіздік.
Қаратөбе ауданының бір ауылына жол жабық болды. Жол болған жоқ. Су тасқыны болғасын, жол жабылды. Біз бір тікұшаққа 2 тонна азық-түлік және гигиена заттарын жинап, апардық.
Элгун Жаналиев БҚО ҚХА мүшесі, «Бірлік» Әзербайжан мәдени қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары:
Қазақ халқына құрметімізді тек қана осылай жұмыспен емес, мемлекеттік тілді меңгерумен де көрсетуіміз керек. Ең басты борышымыз сол. «Бірлік» Әзербайжан бірлестігі қандай жағдай болса да елмен бірге. Мұны сөзбен емес, іспен дәлелдейміз.
Қазақ халқына өз ұлтым атынан, үлкендерім атынан алғыс айтамын. Неге десеңіз, менің әкем ағаларыммен бірге 80-жылдары қиын кезде көшіп келген. Жұмыс бабымен келген. Бірақ әлі күнге әкем маған әрдайым айтып жүреді қазақ халқы қалай ыстық қарсылағанын. Келгенде олар мында ешкімі болған жоқ, еш танысы болған жоқ. Қазақ елі үшін де тарихтан қарасақ, қиын болды. Бірақ олар соңғы азық-түлігімен бөлісіп, көмек қолын созған. Әкем айтып отырады ылғи. Өзімізге бір борыш санаймыз. Қазақ еліне алғысымызды білдіреміз!
Ардақ Мұратқызы
