«Астана балет»  –  Париж төрінде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана балет»  –  Париж төрінде

20.10.2017

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ЮНЕСКО аясында таныстыру шарасын «Астана балет» театры гала-концертпен қорытындылады. Франция астанасы – Парижге театр труппасы ерекше бағдарлама әзірлеп барды. Мерекелік кеште шығармашылық ұжым ұлттық және әлемдік мәдениеттің үздік туындыларын ұсынды. Әсіресе, «Ұлы дала мұрасы» бағдарламасы хореографиялық миниатюраларды және ұлттық нақыштағы балет үлгілерін қамтыған.

Композицияларда салт-дәстүріміз бен құндылықтарымыз, төл өнеріміз көркем бейнеде жеткізіледі. Сиқырлы әуездер мен қайталанбайтын би қимылдары Париж көрермендеріне ерекше әсер қалдырды. Кеш қонақтарын таң-тамаша еткен туындының бірі – «Клеопатра» балетінің үзіндісі. Мысыр патшайымы өмірінен сыр шертетін қойылым қызықты хикаяларға толы. Осылайша, әлемнің атақты театр сахналарында өнер көрсетіп жүрген «Астана балет» үздік бағдарламасымен көрерменнің ерекше ықыласына бөленді.

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу