Елде зейнетақы қорындағы инвестициялық кіріс азайған
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры инвестициялық қызмет нәтижесінде қаңтар айында 284 млрд теңге жоғалтты. Қор өкілдері мұның себебін түсіндірді. Айтуларынша, оған шетел валюталары бағамының құбылуы, қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі әсер еткен. Сондай-ақ теңгенің нығаюы, мемлекеттік құнды қағаздардың нарықтық құнының төмендеуіне де байланысты, дейді қор басшылығы. Айта кетейік, азайған тек инвестициялық кіріс қана. Ал азаматтардың салған жарналарында өзгеріс жоқ.
Мұрат Шәріпов, «БЖЗҚ» АҚ басқарушы директоры:
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына түскен жарналар зейнетақы активі ретінде Қазақстанның және халықаралық нарықта инвестицияланады. Инвестиция бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен емес, Ұлттық банк және 5 басқарушы компаниямен жасалады. Доллардың бағамы төмендеді, сондықтан қайта бағалау нәтижесінде осындай өзгерістер болып тұрады.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16