Теңгемен салынған депозиттер бойынша шекті мөлшерлеме жойылады
Наурыздан бастап Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгелік депозит мөлшерлемелерінің шегін белгілеуді толығымен тоқтатады. Яғни банктер депозиттік пайыздарын нарыққа байланысты өздері анықтайды. Бұрын Қор олардың депозит мөлшерлемелеріне шектеу қойып, олардың жоғары пайыздар ұсыну арқылы бәсекелестерін ығыстыруына жол бермейтін. Алайда қаржы секторының дамуы банктердің тұрақтылығы артқан сайын бұл шектеу кезең-кезеңімен жойыла бастады. Ал депозиттерге кепілдік беру қоры нарықта қалыптасқан орташа пайыздық көрсеткіштерді ашық жариялап отырады. Демек әр салымшы өз депозитіне ең тиімді пайызды таңдай алады. Шетелдік депозиттерге қатысты шектеу сол күйі сақталады. Айта кетейін, ақпандағы мәліметке сәйкес елімізде 131 млннан астам шот бар. Олардың 73 пайызы ұлттық валютада, 27 пайызы шетел валютасында ашылған.
Жаппарберген Айбота, «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ ресми өкілі:
Банктер өздеріне көп жауапкершілікті алуы, нарыққа төтеп беруі, банктердің арасында адал бәсекелестікті дамыту үшін ақшаның құны нарыққа байланысты шынайы, әділ белгіленуі үшін қор осындай қадамға барып отыр. Мұндағы мақсат - теңгелік депозиттерді дамыту.
Айдана Қуантқан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16