Отандық стартап дүкендерді цифрландырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық стартап дүкендерді цифрландырады

21.02.2025

Қазақстандық стартап дүкендерді автоматтандыру процесін жеңілдетіп жатыр. Жобаны қолданған кәсіпкерлер дүкендегі процестерді онлайн бақылай алады. Бұл қандай бағдарлама, ерекшелігі не? Толығырақ бейнематериалдан көріңіз.

Шағын және орта бизнесті цифрландырумен айналысатын қазақстандық стартап кәсіпкерлерге тиімді бағдарлама ұсынып отыр. Тауарларды есепке алатын құрылғы дүкендегі сату жүйесі, қойма есебі, тауар қалдықтары және сараптама модельдерін бір жүйеге біріктірген. Жоба нәтижелі болып оған инвесторлар қызығушылық танытты.

Әсет Беғалиев, компанияның қаржы директоры:

Қалада дүкендері бар болса, барлық дүкендердің қоймаларын көре алады. Мысалы, басқа сауда орталығында қанша тауар бар-жоғын және де қосыша қазіргі заманауи маркетплейстермен интеграция бар. Ерекшелігіміз, осы программа арқылы қысқа мерзімді несие алуға болады.

Компанияның негізін қалаушылар бұл жобаны бастамас бұрын саудамен айналысқан. Сондықтан, кәсіпкерлердің уақытын үнемдеп, шығысын азайтуға көмектесетін бағдарламаны сұранысқа орай енгізіп отыр.

Артем Сарсеев, кәсіпкер:

Қазір біздің 5 дүкеніміз бар. Олардың барлығы осы бағдарламаға қосылған. Оның көмегімен біз процесті онлайн бақылай аламыз. Бұл кәсіпкер үшін өте маңызды. Үйде отырып-ақ, телефоннан дүкендегі сауданы бақылап, сараптап көре аламыз. Сондай-ақ, бұл қолданбаны түсіну оңай болғандықтан жаңа қызметкерлер тез меңгеріп алады.

Жоба Digital Bridge форумында Орталық Азияда саладағы ең жылдам дамып жатқан стартап атауына ие болған. Қазіргі уақытта бұл өнімді 4000-ға жуық дүкен пайдаланады. Биылдан бастап Өзбекстан мен Қырғызстан елдерінің нарығына да шықты.

Темірлан Нұржанұлы


Хабарламаларға жазылу