Елімізде цифрлық сауатты дамытуға арналған пилоттық жоба іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде цифрлық сауатты дамытуға арналған пилоттық жоба іске қосылды

21.02.2025

«Amanat» партиясы азаматтардың цифрлық сауатын арттыру мақсатында «Цифрлық қоғам» жобасын іске қосты. Пилоттық режимде жүзеге асатын бұл бастама азаматтар үшін технологияларды меңгеруге көмектесетін еріктілер қауымдастығын құруға, киберқылмыстың санын азайтуға мүмкіндік береді, дейді саяси ұйым өкілдері. Бір ғана мысал, статистика бойынша елімізде жыл сайын 20 мыңнан астам интернет-алаяқтық фактісі тіркеледі. Бұл істің 80%-ы соңына дейін ашылмай жатады. Партияның Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің айтуыша, жоба мұндай жағдайларға тосқауыл болуға септігін тигізеді. Сонымен бірге, балалар мен зейнеткерлерге арнайы курс өткізіледі. Мектептердегі «Киберқауіпсіздік» тақырыбы енгізілмек. Шара кезінде мемлекеттік орган өкілдері мен сарапшылар жобаға қатысты ұсыныстарын айтты.

Дәулет Кәрібек, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы:

Біз жас ұрпақты зиянды контенттен, кибербулингтен және интернетке тәуелділіктен қорғау мәселесін күн тәртібіне шығарып отырмыз. Біз партияның ресурсын осыған жұмылдырып жатырмыз. Партияның Парламенттегі фракциясының депутаттары да цифрландыру мен киберқауіпсіздік саласын заңнамалық бастамалармен қамтамасыз етуге күш салып жатыр.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу