Алматыда Сайын Мұратбековтың тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Сайын Мұратбековтың тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды

16.10.2017

Алматыда Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы Сайын Мұратбековтың тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды. Шарапатты шараға қоғам және мемлекет қайраткерінің ұрпақтары мен қаламдас достары қатысып, өнегелі естеліктер айтты.

Сайын даланың Сайыны атанған жазушы «Жабайы алма», «Ауыл оты», «Дос іздеп жүрмін» сияқты еңбектерімен қазақ көркемсөз өнерінің қорын байытты. Ал, бір ғана «Жусан иісі» повесі оқырманға ой салып қана қоймай, ұлттың руханиятын қайта жаңғыртты. Оның шығармалары әлемнің бірнеше тіліне аударылып, ұлы даланың ұлағатын жер жүзіне әйгіледі. Сондықтан, тау тұлғаның есімі ел есінен ешқашан өшпейді, дейді зиялы қауым өкілдері.   

Нұртілеу Иманғалиұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Сайынның ғана емес, Сайын ағамызбен иықтас болған қазақтың алыптарын біз бүгін қалай насихаттасақ та, қалай құрметтесек те жарасады. Тәуелсіздік туын желбіреткеннен бері, есімізді жинағаннан бері, біз әкімдерден бастап ақындарды, жазушыларымызды, қазақтың ұлы көшбастаушыларының есімдерімен танысу арқылы біз өзімізді өзіміз танитымызға мен күмән келтірмеймін.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу