«Asar Baspana» қаржы пирамидасының заңсыз қызметі тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының заңсыз қызметі тоқтатылды

21.02.2025

Қаржылық мониторинг агенттігі еліміздің барлық өңірінде кең ауқымды операция жүргізіп, нәтижесінде тұтыну кооперативінің атын жамылған «Asar Baspana» қаржы пирамидасының заңсыз қызметі тоқтатылды. Осы ұйымға маңғыстаудан 2 мыңнан астам тұрғын 900 млн теңгеден астам қаражат салып, алданып қалған. Пирамиданы ұйымдастырушылар салымшыларға жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын, сондай-ақ тұрмыстық өнімдерді сатып алу үшін қаражат салуды ұсынып, ай сайын сол соманың 30% - на дейін пайда табуға уәде берген.

Компания кеңсесінде және күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту барысында 1,2 млрд теңгеден астам сомада қолма-қол ақша мен премиум кластағы 13 көлік тәркіленген. Ал пирамиданы ұйымдастырған екі адам қамауға алынды.


Хабарламаларға жазылу