Қостанай облысындағы Ахмет Байтұрсынұлы ауылында өзен суы арнасынан асып жайылды
Қостанай облысындағы Ахмет Байтұрсынұлы ауылының тұсында Ұлы Жыланшық өзенінің суы арнасынан асып жайылды. Бұл жайт жергілікті жұрттың алаңдаушылығын тудырды. Былтыр дәл осы елдімекен тасқын судың қоршауында қалып, бір ай қатынассыз, үш ай жарықсыз отырған еді. Алайда төтенше жағдай мамандары әзірге алаңдауға негіз жоқ дейді. Облыс аумағында өзендердің деңгейі көтерілуі байқалмайды. Су басуы мүмкін 101 елдімекен қырағы бақылауда. Ал Ахмет ауылында жағалауға жайылған су ешқайдан ағып келіп жатқан жоқ.
Айдос Ахметов, ТЖД басқарма басшысы:
Бұл - ауа райының күрт өзгеруіне байланысты. Алдымен жылынды, сосын суыды. Салқындаған соң мұз қалыңдап, салмағы үлкейді. Су өзеннің жағасына шықты. Жалпы, ол ауылға қауіп-қатер төніп жатқан жоқ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент, Димаш, ЖИ: 2025 жылдың қорытындысы
22.12.2025, 14:59
2026 жылдан бастап Қазақстанда жеке куәлік тегін беріледі
22.12.2025, 13:17
Талды ауылының жолы күрделі жөндеуді қажет етеді
22.12.2025, 13:16
Балқаштағы медициналық мекемелерді жаңғыртуға 7,5 миллиард теңге бөлінді
22.12.2025, 13:15
Өскеменде көктайғақтан мыңнан аса адам зардап шекті
22.12.2025, 13:14
Алматыда студент мұғалімге пышақ кезенген
22.12.2025, 13:13
Ресейде аутизм саны 140 пайызға өсті
22.12.2025, 13:11
Газада гуманитарлық жағдай нашарлады
22.12.2025, 13:10