Депутат: Бала асырау жүйесінде кедергілер бар
Елімізде балалар үйінен бала асырауға кезекте тұрғандар саны 5 мыңнан асады. 2023 жылы 194, ал былтыр 153 бала ғана жаңа отбасына берілген. Бұл салада әкімшілік кедергілердің барын және процестің ұзаққа созылатынын көрсетеді дейді Сенат депутаты Генадий Шиповских. Ол бала асырап алу және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғау жүйесінің тиімсіздігіне байланысты проблемаларды атап өтіп, мәселені шешу жолдарын ұсынды.
Генадий Шиповских, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Бірінші - бала асырап алу рәсімін жеңілдету және оны цифрландыру, құжаттарды рәсімдеу мен қажетті тексерістерді онлайн форматта өткізу арқылы үміткерлер үшін процесті оңайлату қажет. Екіншіден - жетім балаларды отбасылық ортада тәрбиелеу саясатын күшейту, қамқоршылық пен патронаттық тәрбие жүйесін жетілдіру, патронаттық тәрбиешілерге төленетін қаржылық қолдауды арттыру маңызды.
Темірлан Нұрсолтанов
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәртебелі меймандарды ресми қарсы алу рәсімі өтті
12.10.2026, 13:46
Бельгия королі мен патшайымының елімізге мемлекеттік сапары басталды
12.10.2026, 13:20
Жетісу облысында тағы 6 ветеринариялық пункт салынып жатыр
12.10.2026, 13:15
Өзбекстанға мұнай өнімдерін 246 рет заңсыз әкетпек болған
12.10.2026, 13:13
Хуситтер Әр-Рияд әуежайына екі күнде екі рет соққы берді
12.10.2026, 13:10
Криптоинвесторлар Астананы Дубай мен Сингапурға теңеді
12.10.2026, 13:07
Қызметтердің 92%-ы электронды форматқа көшірілді
12.10.2026, 13:05
Киберқылмыс 40 пайызға азайды
12.10.2026, 13:03