Креативті индустрия секторындағы шағын бизнестің үлесі 5 пайыздан аспайды
Қазақстанда креативті индустрия секторындағы шағын бизнестің үлесі 5 пайыздан аспайды. Алайда дамыған елдерде бұл көрсеткіш 50-90 пайыз шегінде. Ал креативтік даму деңгейі бойынша Қазақстан 133 елдің ішінде 78 орында. Осыны алға тартқан сенатор Ғалиасқар Сарыбаев депуттаттық сауал жолдады. Инновациялық технологиялық хабтар ашып, аудан-қалаларда қолжетімді инфрақұрылым әзірлеуді ұсынды. Стартап экожүйесі мен креативтік кластерлерді құру керек. Сондай-ақ, жаңа технологияны меңгерген кәсіби мамандарды даярлау жүйесін қалыптастыру қажет деді.
Ғалиасқар Сарыбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Құқықтық активтік актілерді қабылдау, креативті индустрияны енгізу, оның сипаты мен ерекшеліктерін анықтау, географиялық тапсырмаларын әзірлеу, реестр жүйесін, уәкілетті органды анықтау көп мерзімге созылуда. Ал бір жарым жыл бұрын шет мемлекеттердің креативті индустриясы экономика салаларына миллиардтаған доллар қаржы әкелсе, қазір табыстарын триллиондап есептеуде.
Темірлан Нұржанұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16