Астанадағы мемқызметкерлер зейнеткерлердің ауласын тазалап берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы мемқызметкерлер зейнеткерлердің ауласын тазалап берді

20.02.2025

Бүгін Астанада 30-ға жуық адам «Таза бейсенбі» акциясы аясында зейнеткерге қол ұшын созды. Төтенше жағдайлар Департаменті, Есіл ауданы әкімдігінің қызметкерлері және қалалық мәслихат депутаттары бірлесіп, 72 жастағы Ольга әжейдің ауласын қардан тазартты. Бұл үйде 95 жастағы анасы да тұрады. Ол – тыл еңбеккері. Қариялар көктемде аула іші суға толып, жүріп-тұру қиындай ма деп алаңдаған еді.

Ольга Рыжова, зейнеткер:

Ізгі ниетпен келгендердің бәріне алғысымды білдіремін. Мен зейнеткермін. Жасым 72-де. Үйде 95 жастағы анам бар. Ол тыл еңбеккері. Осындай игі шаралар жиі өтсе, бәрі риза болар еді. Көмекке мұқтаж отбасылар аз емес. Бұл бастаманың барына қуаныштымын, өйткені бұл іске кейде күшіміз жетпей, мүмкіндігіміз де болмай жатады. Ал бұл кісілер бір сағаттың ішінде айналаны қардан тазартып берді. Керемет емес пе!

Темірлан Нұрсолтан

Хабарламаларға жазылу