Елордада «Қазақстан Ұлттық пантеоны» кітабының тұсауы кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Қазақстан Ұлттық пантеоны» кітабының тұсауы кесілді

19.02.2025

Бүгін Астанада «Қазақстан Ұлттық пантеоны» атты тарихи-танымдық кітаптың таныстырылымы өтті. 125 тарихи тұлға туралы басылған еңбек жайлы сюжеттен көріңіз.

Қазақстан тарихындағы 125 тарихи тұлға туралы жарық көрген танымдық кітап қалың оқырманға ұсынылды. Жобаға «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мұрындық болған. Бұл - былтыр тойланған қазақ мұнайының 125 жылдық мерейтойына орай ұсынылып отыр.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Бұл кітапқа пантеон деп ат қойғанның бір себебі – мұнда бақилық болған тұлғалар бар. Екіншісі, жалпы мына тарихымызда тану арқылы біржағы біздің танымымыз кеңейеді. Бір жағынан оларға тағылым аламыз. Біржағы оларға тағзым етеміз. Сондықтан, пантеон деп қойылған атының өзім символикалық деп ойлаймын.

Шығармада әр тұлғаның өмірбаяны мен сіңірген еңбегі деректеліп, суреттермен көркемделген. Қазақ және орыс тілдерінде 2 000 данамен басылды. Кітап сый ретінде таратылып, жоғары оқу орындарының кітапханаларына тегін берілмек.

Зейнолла Алшынбаев, мұнай-газ саласының ардагері:

Сонау Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи, Бекет ата, Әл-Фараби тағы сол сияқты. Одан кейін де белгілі талантты қазақтың тұлғалары тұңғыш әрбір салада өздерінің үлкен еңбектерін қалдырғандар бар. Мысалы Абай, Ы.Алтынсарин бұлардың бәрін атап өтіп тауыса алмаспыз. Солардың барлығының өмір жолын барлығын осындай бір кітапқа жинақтап шығару өте дұрыс жоба болды деп есептейміз.

Жарық көрген жаңа кітап тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін жақыннан таныстырып қана қоймай, өмірлік өнегесі мен өсиетін жеткізуді мақсат етеді дейді жоба жетекшілері.

Темірлан Нұржанұлы


Хабарламаларға жазылу