Биыл 226 жаңа теміржол вагоны сатып алынады
Биыл 226 жаңа теміржол вагоны сатып алынады. Көлік министрлігінің хабарлауынша, жыл соңына дейін 13 бағыт бойынша жолаушы вагондары жаңаруы тиіс. Оның бесеуі – халықаралық. Жаңа вагондар кондиционер, Wi-Fi, заманауи дәретхана, кеңейтілген жүк сөрелерімен қамтылған. Сондай-ақ биыл 2 ірі теміржол желісі пайдалануға беріледі. Олар – Достық-Мойынты және Алматы айналма жобасы.
Нұржан Келбуғанов, КМ Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары:
Қазақстанда 1800-ге жуық локомотив қолданыста. Екі жыл бұрын тозуы 60 пайызға жеткен. Сондықтан локомотив сатып алу ойдағыдай жүргізіліп, былтыр 185 локомотив алынды. Биыл 200 локомотив сатып алынады. Сөйтіп тозу деңгейі 48 пайызға жетіп, қозғалысқа толық қамтамасыз етіледі.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16