Түркістан облысында алғаш рет бауыр трансплантациясы жасалды. Облыстық клиникалық аурухана дәрігерлері Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми-хирургия орталығының профессоры, академик Болатбек Баймахановтың жетекшілігімен 48 жастағы әйелге қызының бауырын салған. Күрделі ота алты сағатқа созылып, сәтті аяқталды. Қазір бауырының жартысын берген 19 жастағы бойжеткен мен анасы дәрігерлердің бақылауында. Өңірде әлі де 100-ден аса науқас бауыр алмастыру операциясын күтіп жүр.
Эльвира Сахариддинова, донор:
Іші өте үлкен болып ісіп кеткен болатын. Ауыр жағдайда болды. Сап-сары болып кетті. Қазір жағдайы бірқалыпқа келіп жатыр. Дәрігерлерге мың алғыс айтамын.
Жанболат Ділдәбеков, облыстың бас хирург-трансплантологы:
Жарты бауырын берген донорымыз бөлімшеге ауыстырылды. Жағдайы орташа ауырлықта. Рецепиенттің жағдайы тұрақталып келе жатыр. Бірақ әлде де бақылауды қажет ететіндіктен, біз қарқынды емдеу бөлімшесінде бақылап отырмыз.
Айнұр Әбілқасымқызы
