Үкіметтік комиссия қаза тапқан кеншілердің жақындарымен кездесті
Кен орнын аралағаннан кейін комиссия мүшелері Жезқазған қаласына келді. Ол жақта штаб жиналысын өткізіп, қаза тапқандардың жақындарымен кездеспек.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Қанат Бозымбаев бастаған үкіметтік комиссия қазір Жезқазған қаласында. Дәл қазір қаза тапқан кеншілердің жақындарымен кездесіп жатыр. Оларға мемлекет тарапынан жан-жақты көмек көрсетілетінін айтты. Қаза тапқан 7 кеншінің ең жасы 27-де ғана екен. Апат кеше кешкі бестер шамасында болған. Алдын ала болжам бойынша, апатқа табиғи газдың жарылуы себеп. Қолда бар мәліметке сай, қаза тапқандардың үшеуі Жезқазған қаласы, өзгелері Қарағанды, Сәтбаев, Түркістан және Ұлытау ауданы Сарысу ауылынан. Қаза тапқан кеншілердің жақындарымен кездескен соң комиссия мүшелері тура осы жерде штабтың отырысын өткізеді. Осыған дейінгі жиналған мағлұматтарды сараптап, ары қарай атқарылатын шаруаны жүйелейді. Сонымен Үкіметтік комиссияның мәлімдемесін келесі шығарылымда толықтырып айтамын.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық футболшылардың сапына әлемдегі үздік ойыншылар қосылды
24.01.2026, 20:15
Қарағанды облысында көпқабатты тұрғын үйлердегі жаңа басқару жүйесі талқыланды
24.01.2026, 19:57
Интернет-алаяқтыққа байланысты Бас прокуратура үндеу жасады
24.01.2026, 19:56
Саясаттанушы: Тиімді саяси реформалар - ел дамуының көрсеткіші
24.01.2026, 19:40
Халық пікірі: Конституциялық реформа – саяси жаңғырудың өзегі
24.01.2026, 19:38
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті
24.01.2026, 19:35
Конституциялық реформа – ауқымды өзгерістің бастауы
23.01.2026, 21:09
60 мың тонна қоқыс қайта өңделді
23.01.2026, 20:39