Түркістан облысында 22 білім беру ұйымы аттестаттаудан өте алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында 22 білім беру ұйымы аттестаттаудан өте алмады

17.02.2025

Түркістан облысында өткен жылы 22 білім беру ұйымы мемлекеттік аттестаттаудан өте алмады. Нәтижесінде бес білім беру ұйымы жұмысын тоқтатты. Осыған байланысты балалардың оқуы жақын маңдағы мектептерге ауыстырылды. Өңірдің білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мәліметінше, мемлекеттік аттестаттауға 498 білім беру ұйымы қатысқан. Соның 417-сі түрлі заң бұзушылықтарға жол беріп, алғашқы сынақтан сүрінген. Ал қайта аттестаттауға 441 мекеме жіберіліп, олардың 22-сі кемшілікті жоймағаны белгілі болған. Соның ішінде 17 білім беру ұйымына жаңа оқу жылының соңына дейін анықталған заң бұзушылықтарды тездетіп жоюға нұсқама берілді. Осыған байлансты бірқатар лауазымды және заңды тұлғаларға 16 миллион теңге айыппұл салынды.

Ғалымжан Алматов, Түркістан облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы:

Қайта аттестау кезінде 2 колледждің лицензиясы қайтарылды. Екі балабақшаның хабарламасы тоқталды. 1 мектеп жабылды. Яғни аттестаттаудың нәтижесінде 5 білім беру ұйымы жабылды.

Айнұр Әбілқасымқызы

Хабарламаларға жазылу